Түркістан облысының полицейлері марихуана сатқан күдіктіні ұстады
Түркістан облысының полицейлері марихуана сатқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне аудан тұрғынының бірі хабарласып, танысы есірткі заттарын сатумен айналысатыны туралы ақпарат берген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркеді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түлкібас АПБ-нің полиция қызметкерлері есірткі сатқан күдіктіні ұстады. Ол Түлкібас ауданының тұрғынының біріне марихуана сатып ұсталды. Тексеру барысында күдіктінің жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Жедел уәкілдер айғақты зат ретінде өсімдік тектес есірткі заты бар қағаз ораманы тәркілеп алды. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі жалпы салмағы 44 грамнан асатын марихуана болып шықты. Сонымен қатар күдіктінің бұрын ҚР ҚК-нің 259-бабымен сотты болғаны белгілі болды. Бүгінгі таңда күдікті қамауда.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полицейлер күдіктінің есірткіні сақтау мен өткізудің басқа да деректеріне қатысы бар-жоғын анықтауда.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарының заңсыз айналымы мен таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді. Сондай-ақ тұрғындарды зиянды әдеттерден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Егер сіз осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз немесе есірткіні заңсыз өткізу фактілері туралы ақпаратқа ие болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефоны бойынша хабарласыңыз.