Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да үздік анықтаушы мен тергеушіні анықтады

Солтүстік Қазақстан облысында үздік анықтаушы мен тергеушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД аппараттық кеңесі жағымды сәттен – тергеу және анықтау желісі бойынша өткен «Үздік маман» байқауының жеңімпаздарын марапаттаудан басталды. Жеңімпаздар қатарында – тәжірибе мен табандылық бар. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 16 жылдық өтілімен Қызылжар ауданы ПБ анықтаушысы Күлмира Жармұқанова үздік анықтаушы болып, Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясын аяқтағаннан кейін Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінде екінші жыл қызмет атқарып жүрген Үмідбек Фархадов үздік тергеуші деп танылды. Грамоталарды облыстың бас полицейі Марат Төлебаев табыстады.

– Екі бөлініс те сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырады, тергеу бөлінісі тек қылмыстың ауыр түрлерімен айналысады, айырмашылығы сол ғана. Күлмираның ең соңғы істерінің бірі алимент төлеуден жалтарумен байланысты болды. Аудан тұрғыны соңғы жылдары баласын бағып-қақпау үшін ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген. Оның табыс көзі бар екендігін дәлелдеу үшін күш-қуат жұмсау қажет болды. Күлмира бір жылда 60 астам істі тергеген. Біздің жұмысымызда әділеттілікке қол жеткізу үшін барынша күш жұмсауымыз қажет, – дейді полиция майоры Жармұқанова. – Өзі ісіңді сүймесең, мұндай жұмысқа шыдау оңай емес.

Полиция аға лейтенанты Фархадов та әріптесімен келіседі.

– Жұмысым өзіме ұнағасын: нормаланбаған жұмыс күні, айтарлықтай күш-қуат жұмсау сияқты қиындықтарға мән бермеймін. Менің жетістігім – кәсіп таңдаған кезде түсіністік білдірген, үнемі қолдап жүретін ата-анамның және де Екінші полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Гүлмира Сағитованың еңбегі. Ол тергеуге жетекшілік етіп, жас қызметкерлерге кәсіби дағдыларын дамытуға көмектесті.

Үмідбек Фархадов жағдайды жақсы игере алады және оған күрделі істерді еркін тапсыруға болатынын Екінші полиция бөлімінде жақсы біледі. Соңғы болған жағдайлардың бірі – топ құрамында зорлық-зомбылық көрсетумен тонау. Сотқа дейінгі тергеу 12 күнге созылды, жеделдетілген өндіріс бойынша 15 күн қарастырылған. Нәтижесінде материалдар сотқа тапсырылып, айыпталушылардың барлығы жазаға тартылды. Өткен жылы Фархадов 95 қылмыстық істі тергеді.

– Кәсіби байқау – қызметкерлерді ынталандырудың қолайлы тәсілі, – деді Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев. – Үздіктерге қарап бой түзеу – кәсіби өсу үшін аса қажет. Жұмсалған күш-жігердің елеусіз қалмайтынын көрсетеді. Әрбір қызметкер өз саласының үздігі болса деймін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру