Қазығұрт полицейлері мейрамхана иесіне хаттама толтырды
Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарының сақталуын қадағалауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт АПБ-ның полицейлері карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында, күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізуде. Осы тұста аудан аумағында орналасқан мейрамхананың әкімгері мен қызметшілері карантин талаптарын бұзып, бетперде тақпастан келген қонақтарға қызмет көрсеткен. Осыған байланысты аталған мейрамхана иесіне Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органға (СЭББ-ге) жіберілді.
Сондай-ақ полицейлер тойханалар мен мейрамхана, кафе-барларды тексеріп, нысан иелерімен кездесіп, той-жиын өткізбеу және азаматтардың жиналуына жол бермеу керектігін түсіндіріп, карантин талаптары бұзылған жағдайда, заңды шара көрілетіні туралы ескертті. Сондықтан әрбіріміз денсаулығымызға немқұрайлы қарамайық.
Жақынымызға жанашыр болайық. Ел қамын ойлайтын азаматтарымыз, ұлттың амандығы үшін күндіз-түні тынбай еңбек етуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Сондықтан бетперделік режим мен арақашықтықты сақтаңыздар!