Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері жоғалған баланы тауып алды

Петропавл полицейлері жоғалған 12 жастағы ер баланы тауып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 ақпан күні Петропавл әлеуметтік желілерінде жоғалған 12 жастағы ер бала туралы хабарлама тарады. Оның анасы полицияға сағат 17:00 шамасында хабарласқан. Қалалық полиция басқармасының жеке құрамына бағыт-бағдар жіберілді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар мен учаскелік полиция инспекторлары, жедел уәкілдер мен патрульдік полицейлер іздеуге кірісті.

Волонтёрлар болса, танымал пабликтерге хабарландыру орналастырды. Көп ұзамай полицейлер баланы тапты. Әлеуметтік желіге «Екі сағаттың ішінде бала табылып, анасына табысталды, ол өзінің таныстарының үйінде болыпты» деген жаңа пост жарияланды.

– Полицейлер мен еріктілер өзара іс-қимылдың тиімді әдісін бір жолға қойды, – дейді облыс орталығының ПБ бастығы Жандос Мұқатов. – Әлеуметтік желілердегі іздестіру іс-шараларына ақпараттық қолдау көрсету полиция жұмысына зор септігін тигізеді. Сондай-ақ волонтёрлар із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге өздері де қатысады. Дегенмен, биылғы жылы кәмелетке толмағандарды іздеуге олардың көмегі қажет болмады. Жыл басынан ата-аналар балаларының жоғалғанын айтып, полицияға тоғыз рет жүгінген. Барлық жайғдайда полицейлер балалардың жүрген жерлерін тез анықтап, туыстарына тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру