Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы түнгі жарыс құмарларды іздеуде

Алматы полициясы түнгі жарыс құмарларды іздеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маусымдық мәселе жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіреді және автокөлік жолдарының бойында орналасқан үйлердің тұрғындарына қолайсыздық туғызады.

– Жылы мезгілдер әсіресе осал, алайда қыста “көлікті қатты айдағанды” ұнататындар да бар. Жылы күндер мезгілсіз келгенін ескерсек, жарыс, қозғалтқыштың гүрілдеуі, тежегіштің шырылдауы, дрифт сияқты құбылыстар жиі орын алды. Осыған байланысты шаһарда мақсатты іс-шара жұмыстары мен рейдтер жүргізілетіндігі жарияланды. Шындығында – бұл өзекті мәселе, мен жол бойындағы үйлердің тұрғындарына, кішкентай балалары бар отбасыларға және қарт ата-аналарға қаншалықты ауыр екенін білемін. Былтыр күзде патрульдік жасақтарды күшейту және сол жерге бірнеше бейнебақылау камераларын орнату арқылы жылдам жүруді ұнататындардың жиналатын орындарының бірі жойылды. Жауапкершіліктен қашудың кез-келген әрекеті, мысалы, камера обьективіне түсіп қалмас үшін, мемлекеттік нөмірсіз көлік жүргізу, нәтижесіз аяқталды. Патрульдік полиция инспекторлары айыппұл салып, гүрілдеген қозғалтқыштары бар көліктерді айыппұл тұрағына орналастырды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы  Манап Саттаров.

Шаһар полицейлері жол қозғалысына қатысушыларға жол ережесін және жазаның бұлтартпас қағидатын қатаң сақтау керектігін тағы бір рет еске салды. Бөлімшенің хабарлауынша, рейдтер қосымша хабарланғанға дейін ұзартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру