Түркістан облысында аудан басшысы өткен жылға қорытынды жасады
Түркістан облысында аудан басшысы өткен жылға қорытынды жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара АПБ-ның бастығы Аббаз Тұрғынбаев карантинге байланысты онлайн режимде есеп берді. Аталған кездесуде полиция басшысы өткен жылдың 12 айына қорытынды жасады.
Осы жиынға аудан әкімі, полиция бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Жыл бойына аудан полицейлерінің атқарған жұмыстарының нәтижесінде тіркелген қылмыстардың айтарлықтай азайғаны байқалады. Шардара ауданы бойынша 2019 жылы жалпы 237 қылмыс тіркелсе, 2020 жылы 195 қылмыс тіркеліп, 17,7 пайызға кеміп отыр. Оның ішінде орташа қылмыстар 133-тен 75-ке, жеңіл дәрежелі қылмыстар 46-дан 21-ге, бұзақылық 12-ден 6-ға, алаяқтық қылмысы 12-ден 8-ге азайған. Мұндай жоғары деңгейдегі көрсеткіштер алдағы уақытта да артуға тиіс. Осы үшін де біз қызмет жасауға дайынбыз.
Айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген аудан бастығы өз сөзінде: – Полицияның халықтың қорғаушысы мен қолдаушысы болуы үшін оларды әрдайым бағыттап, игі істерге жұмылдырып отыру әрбір басшының міндеті болмақ. Сол себепті Шардаралық сақшылар қай мезгіл, қандай уақыт болса да сіздер үшін қызмет көрсетуге әрдайым дайын!, – деп өз сөзіне нүкте қойды.