Мақтаарал ауданының тұрғындары заңсыз аңшылықпен айналысқан
Түркістан облысының полицейлері заңсыз аңшылықпен айналысқандарды анықтап, жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Келес АПБ-нің полиция қызметкерлері табиғатты қорғаумен оған залал келтірушілерді анықтау мақсатында, тұрақты рейдтік-профилактикалық іс-шараларды өткізіп келеді. Осы мақсатта жүргізілген жұмыс барысында полицейлер 2021 жылдың ақпан айында бірнеше заңсыздықтардың жолын кесті.
Мәселен, Келес АПБ ЖПҚ Табиғатты қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Жанболат Сапарбаев, күндізгі сағат 15:30 шамасында Сырдария өзені бойында заңсыз аңшылықпен айналысып жүрген үш ер адамды байқайды. Олардың үшеуі де
болып шықты. Тәртіп сақшысы олардың қаруларын тексеру кезінде заңды тіркелгені белгілі болды. Алайда ешқайсысының аңшылық жасауға рұқсат қағаздары болмаған. Осыған байланысты күдікті 3 ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы (Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидалаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылып, 5 АЕК айыппұл салынды.
Одан бөлек, полицейлер кешкі сағат 17:00 шамасында Ақтөбе ауылдық округінің батыс жағынан ағып өтетін Сырдария өзені бойында тіркелмеген аңшылық қаруын алып жүрген жергілікті тұрғынды анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттары Келес аудандық сотына жолдануда.
Сондай-ақ, профилактикалық іс-шара кезінде заңсыз балық аулаушылар да анықталды. Яғни үш жергілікті тұрғын қармақпен заңсыз балық аулап жүрген. Үшеуіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған.
Өз кезегінде полицейлер азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға кеңес береді. Браконьерлік үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Тәртіп сақшылары тағы да Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан Республикасының табиғатын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға шақырады.