Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаш ауданында полицейлер карантин кезінде жұмыс жасаған букмекерлік кеңсені анықтады

Сарыағаш ауданында полицейлер карантин кезінде жұмыс жасаған букмекерлік кеңсені анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ның кезекші бөліміне «102» нөмірі арқылы жергілікті тұрғын хабарласқан. Онда заңсыз букмеркерлік кеңсенің жұмыс жасап жатқаны жайлы көрсеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша тіркеді.

Хабар алысымен полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел түрде шықты. Ол жерді жіті бақылап, заңға қайшы келетін заттар болуы мүмкін екені ескерілді. Сондай-ақ ойынханадан алты дана процессор, бір дана чек шығаратын кассалық аппарат айғақты зат ретінде тәркіленіп алынып, сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар сарыағаштық полицейлер ойынхана иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы) бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шара көрілуі үшін СЭББ-ге жолданды.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға және кәсіпкерлерге карантин талаптарын, яғни бетперделік режим мен арақашықтықты сақтауды, әсіресе заңсыз ойынханалар ашып, жастардың санасын улауға жол бермеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру