Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер мұқтаж жандарға көмек қолын созуда

Атырау облысы Махамбет ауданының полицейлері көпбалалы отбасыға азық-түлік жеткізіп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері қашанда қиналғанға демеу, қысылғанға сүйеу болып, тығырыққа тірелген жандарға көмек қолын созуға дайын.

Өңір полицейлері қайырымдылық шараларына тұрақты түрде атсалысып, жергілікті тұрғындарға көмек қолын созудан жаңылған емес.

Бүгін де Махамбет ауданы полиция бөлімінің тергеу және криминалдық полиция бөлімдерінің қызметкерлері көпбалалы отбасыға азық-түлік апарып, қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

Жергілікті халықтың алғысын алып жүрген тәртіп сақшылары игі істерін әрі қарай да жалғастыра бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру