Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқаш ауданының полицейлері көлдегі синтетикалық ауларды шығарып, өртеді

Браконьерліктің алдын алған Балқаш ауданының полицейлері көлдегі синтетикалық ауларды шығарып, өртеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балқаш ауданының табиғат қорғау полицейлері әкімшілік аумақты аралау кезінде Балқаш көлінде заңсыз құрылған балық аулауға арналған ауларды судан шығарып, оларды өртеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, табиғи байлықты қорғау мақсатында осыған ұқсас шаралар тұрақты өткізіледі.

– Балқаш ауданы аумағын аралау кезінде мұз астаны заңсыз құрылған ауларды таптық. Жалпы ұзындығы 200 метр болатын пластикалық ау судан шығарылып, өртелді. Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мүдделі мемлекеттік орган өкілдерімен арнайы рейдтер үнемі өткізіледі, – деді Балқаш АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Азамат Абдрахманов.


Қытайда жасалатын пластикалық ауларды елімізде пайдалануға заңмен тыйым салынған. Өйткені, оның қоршаған ортаға тигізер залалы көп дейді полиция өкілдері.

– Пластикалық ауды пайдалануға болмайды, сондықтан оны пайдаланған адам жауапкершілікке тартылып, тәркіленген аулар өртеліп, жойылады. Себебі, бұл ау күн астында және суда шірімейді, ұзақ сақталады. Балықтардан басқа, аң-құстардың байланып қалып, өлуіне әкеп соғады, – деп толықтырды Азамат Абдрахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру