Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық мас жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады

Түркістан облысының полицейлері масаң күйде көлік басқарып, өзге көлікке соқтығысқан жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби аудандық полиция бөліміне Леңгір қалалық ауруханасынан бірнеше тұрғындардың түрлі дене жарақаттарымен түскендігі жөнінде хабарлама келеді. Ақпарат алған бетте тәжірибелі полицейлерден құралған жедел-тергеу тобы шықты.

Тексеру барысында полицейлер, екі көліктің соқтығысып, салдарынан жүргізушілер мен жолаушылар жарақат алғанын анықтайды.

Нақтырақ айтсақ, жергілікті тұрғынның бірі өзінің «Опель вектра» маркалы көлігімен Бірінші мамыр ауылы бағытынан Достық ауылына келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, жәбірленушінің басқаруындағы «Москвич-412» маркалы көлікпен соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысымен «Москвич-412» автокөлігінің жүргізушісі ауыр дене жарақатын алса, оның ішіндегі төрт жолаушының екеуі орта, қалған екеуі жеңіл дене жарақатын алған. Оған қоса тергеу барысында, «Опельдің» жүргізушісі мас халде көлік басқарғаны белгілі болды. Ол өз кінәсін толық мойындады.

Аталған жайт Төлеби аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 345-1-бабымен (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) тіркелді. Күдіктінің ауыр дене жарақатын алуына байланысты бас шарасы «ешқайда кетпеу туралы қолхатта». Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері, жол қозғалысына қатысушыларға жолда абай болуға, ал жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, оқиға орнынан кетпеуге кеңес береді. Егер, сіз, жол-көлік оқиғасына қатысушы немесе куәгер болсаңыз, шұғыл 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру