Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер есірткі саудасымен айналысқан Түлкібас тұрғынын ұстады

Полицейлер есірткі саудасымен айналысқан Түлкібас тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі есірткіні заңсыз өткізумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, күдікті ауыл тұрғындарының біріне полиэтилен пакетке оралған марихуананы алты мың теңгеге сатқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркеді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түлкібас АПБ-нің полиция қызметкерлері есірткі сатқан күдіктіні ұстады. Жедел уәкілдер ұсталған адамның үйін тінту кезінде қағазға оралған өсімдік тектес есірткіге ұқсас затты тауып алып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 20 грамнан асатын марихуана болып шықты. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымы мен таралуына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары салауатты өмір салтын ұстануды, жаман әдеттерден және есірткі заттарын пайдаланудан бас тартуды ұсынады. Егер сіз осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз немесе есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өткізу деректері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияға “102” телефоны бойынша хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру