Жамбыл облысының ПД бастығы мен облыс прокуроры ауданға барды
Жамбылдық полицейлер уақыт талабына сай жұмыс істеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан жаңа жағдайда; іс – қимыл уақыты» атты Жолдауын іске асыру және орындау мақсатында Жамбыл облысының күш құрылымдарының басшылары – облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов Тұрар Рысқұлов ауданының полиция бөліміне барды.
Сапар барысында қылмыстық қудалау қызметкерлерімен ҚР Президентінің Қазақстанда сәтті енгізілген қылмыстық сот ісін жүргізуді цифрландыру бойынша тапсырмасының орындалу жағдайы тексерілді.
Кездесуді қорытындылай келе, Жамбыл облысының Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Қанат Дүмшебаев қылмыстық істерді электрондық форматта жүргізу мәселелері басшылықтың бақылауында екенін атап өтті. Полиция қызметкерлері үшін тергеу сапасын жақсарту және тергеу құжаттарын ресімдеу бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіледі.