Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы қызмет барысында қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларымен кездесу өткізді

Алматы полициясы қызмет барысында қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 ақпанда Алматы қаласы ПД-да “Халық Каһарманы – полиция капитаны Ғазиз Байтасов пен қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ерліктерін еске алу құрметіне” арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметін орындау кезінде қайтыс болған жесірлері мен туыстары қатысты.

Кездесуге Алматы қаласы полиция Департаментінің басшылығы, Алматы қаласының мүгедектеріне және қайтыс болған тәртіп сақшыларының отбасыларына көмек көрсету орталығының төрағасы Асылбек Османов, сондай-ақ, Алматы қаласы ПД-ның жеке құрамы қатысты. Кездесу барысында қонақтар басқарма басшылығымен сөйлесе алды. Қызметтер мен бөлімдердің басшылары қайтыс болған қызметкерлердің отбасы мүшелерін тыңдады, оларға көптеген мәселелер бойынша көмек көрсетілетін болады.

– Біз тапсырманы соңғы деміне дейін орындағандардың бәрін еске аламыз және құрметтейміз. Мен сіздерге, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған әріптестеріміздің аналарына, әйелдеріне және балаларына ерекше алғыс білдіргім келеді. Сіздің төзімділігіңіз, шыдамдылығыңыз бен қайсарлығыңыз үшін сізге бас иемін. Тәртіп сақшыларының келесі ұрпақтары олардың ерліктерінің үлгісінде тәрбиеленетініне сенімдімін. Тарихи жадыны сақтау қызметтік тапсырмаларды орындап, үйіне оралмаған әрбір қызметкердің жадын сақтаумен тығыз байланысты. Біздің көшелерде бейбітшілік пен тәртіп үшін қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына қамқорлық жасау басты міндет болған және болып қала береді. Сізге және сіздің жақындарыңызға денсаулық тілеймін, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

– Отбасы үшін асыраушысыз қалған жесірлерге бұл өте қиын, сондықтан кез-келген қолдау қажет болады. Мен күйеуі қылмыспен күресте өмірін қиған басқа әйелдермен сөйлестім, оларға да қаржылық және моральдық жағынан көмектеседі. Бұл өте маңызды. Балалардың тәрбиесіндегі әкенің рөлі өте маңызды. Бірақ балалар өсіп, тарихтың әкесінің ерлігін қалай бағалайтынын көреді, олар мұның халық үшін болғанын түсінеді.Әкелердің ерлігі балаларға мыңдаған түсіндірмені алмастырады, – дейді “Халық Каһарманының” жұбайы – полиция капитаны Ғазиз Байтасов-Гүлжамал Тәжиева, осы іс-шараға Тараз қаласынан екі ұлымен келген.

Іс-шара барысында жеке құрам қонақтармен бірге қызмет барысында қаза тапқан барлық полиция қызметкерлерін бір минуттық үнсіздікпен еске алып, қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына арналған стелаға гүл шоқтарын қойды. Осыдан кейін ПД-нің орталық кіреберісінде стендтер көрсетіліп, барлық полиция қызметкерлеріне ескерту және үлгі болды. Сонымен қатар, Алматы қаласы ПД мұражайында экскурсия өткізілді және қызмет бабында қайтыс болған қызметкерлерге жеке экспозиция көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру