Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдықтардан қару мен алтын тәркіленді

Жамбыл облысында алтын іздеушілерден қару мен алтын тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 52 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұйымдастырған құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіру орны табылды.

Тексеру барысында тіркелмеген 16 калибрлі бір ұңғылы аңшылық мылтық, жарылыс жұмыстарын жүргізуге арналған сегіз дана қолдан жасалған тұтандырғыш табылды.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (Атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және 334-бабы (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру