Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 20 жылдан астам құжатсыз жүрген әйелге көмек көрсетті

Түркістан облысының полицейлері 20 жылдан астам құжатсыз жүрген әйелге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шахноза Мадаминова – Өзбекстан Республикасында дүниеге келген. 1998 жылы отбасылық жағдайына байланысты Созақ ауылына көшіп келген. Қазіргі таңда Сызған ауылында тұрады. Төрт баланың анасы. Дегенмен оның үлкен мәселесі – құжатын заңдастыру. Белгілі болғандай, ол Қазақстанға көшіп келгелі осы күнге дейін құжатсыз жүрген.

Арнайы мобильдік топтың рейд жұмыстарын жүргізу кезінде Шахнозаның құжатсыз жүргендігі анықталып, көші-қон полицейлері бірден көмек қолын созды. Елшілік арқылы байланысқа шықты. Жан-жақты жұмыстар жүргізіліп, бүгінде жас әйел “Азаматтығы жоқ куәлігімен” рәсімделді. Ендігі кезекте басқа да құжаттарының жасалуы жолында жұмыстар атқарылмақ.

Өз кезегінде Шахноза полицейлерге шынайы ризашылығын жеткізді. Жұмыстарына табыс тілеп, үнемі жолдарыңыз ашық болсын деп ақжарма тілегін жаудырды.

Жалпы, ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес ҚР аумағында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын азаматтардың құқықтық мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Созақ АПБ-ның көші-қон қызметі тобының қызметкерлерімен біршама жұмыстар атқарылуда. Бұл тек бір бөлігі. Тәртіп сақшылары тәртіпке сай әрбір құжаттың заңда көрсетілгендей болуына ықпал етіп, азаматтарды осыған дағдылануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру