СҚО-да синтетикалық есірткі таратқан 6 интернет дүкеннің қызметінің жолы кесілді
СҚО-да синтетикалық есірткі таратқан алты интернет дүкеннің қызметінің жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментіндегі апта сайынғы брифингтің спикерлері есірткіге қарсы күресушілер болды. Facebook пен Instagram тікелей эфирінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев пен бөліністің жедел уәкілі Сұлтанғазы Біләлов сөз сөйледі. Баланың есірткі сайттарына кірегенін қалай білуге болады, үйлердің қабырғаларында есірткі граффитилері пайда болған кезде қайда жүгінуге болады, есірткіні жасырушыларды қандай белгілері бойынша тануға болады – осы және өзге де мәселелер бойынша жауап алу үшін желі қолданушылары белсенді сұрақ қойды. Жандос Басыбаев 2020 жылы 195 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі мен психобелсенді заттарды өткізудің 49 фактісі анықталғаны жайлы ақпарат берді.
– …Заңсыз айналымнан 462 килограммнан астам түрлі есірткі заттары алынды. Мұның жарқын мысалы әкімшілері байланыссыз синтетикалық есірткілерді таратумен айналысқан алты интернет дүкеннің қызметінің жолын кесу фактісі болып табылады.
Сот тәжірибесінде алғаш рет Солтүстік Қазақстан облысында интернетте синтетикалық есірткілерге жарнама жасаумен айналысқан фигурант қылмыстық жауапкершілікке тартылды және төрт жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, – дейді есірткіге қарсы күрес бөлінісінің басшысы.
Жедел жұмыстың барлық бағыттарын алдын алумен бірге биылғы жылы да атқару міндеті тұр. Жыл басынан 36 есірткі қылмысы анықталды.
Синтетикалық есірткілерді таратушылардың ұсталғанын бәрі біледі. Бірер күн бұрын синтетикалық есірткі дайындаушы отбасы мүшелері анықталды.
Тікелей эфир бір сағатқа созылды, онда полицейлер жедел жағдай туралы айта кетті. СҚО ПД Штабы бастығының орынбасары Сергей Погосский бірнеше күн бойы соққан боранда халыққа көмек көрсету бойынша ішкі істер органдары қандай шаралар қабылдағаны жайлы тоқтала кетті. Боранда адасқан облыстың бес тұрғынын құтқару полиция мен ТЖ күштерінің халықпен өзара іс-қимыл жасаудағы жұмысының нәтижесі.