Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан
Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды.
25 ақпан күні облыс орталығындағы сауналардың бірінде 39 жастағы сауна әкімшісі пайдакүнемдік мақсатта келген тұтынушыға жеңіл жүрісті қыз ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқан.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.