Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері қызмет бабында қайтыс болған қызметкердің жұбайына алғыс айтты

Түркістан полицейлері қызмет бабында қайтыс болған қызметкердің жұбайына алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көктем келісімен атап өтілетін ерекше мерекелердің бірі — алғыс айту күні. Дәл осы күні барша жұрт бір-біріне жылы лебіздерін айтып, ризашылықтарын білдіреді. Бұл мерекенің маңыздылығын ескерген  Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің сақшылары да қызмет бабында қайтыс болған әріптестерінің жұбайына алғыстарын айтты. 

Яғни, 1988 жылы қылмыскерлерді ұстау барысында Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкері Бақдәулет Елшінбеков тосыннан қаза болған болатын. Оған қандықол қылмыскерлер пышақ жарақатын салып, соның салдарынан ол қаза тапты. Сондықтан қиын салада еңбек етіп, өзінің қызметін атқару барысында өмірден өткен полицей Бақдәулеттің жанұясына барған сақшылар, оның жұбайының хал жағдайын біліп, бағалы сый-сияпаттарын табыстап қайтты.

Өз кезегінде Бақдәулет Елшінбековтың жары Базаркүл Ахметова мереке сайын ұмытпай құттықтап келетін полицейлерге ақжарма тілегін жеткізді.

– Мереке құтты болсын. Жұмыстарың әрдайым алға бассын. Денің сау болсын. Өмір жастарың ұзақ, көргендерің жақсылық болсын, – деп жылы лебізін жеткізді.


Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің сақшылары мемлекетіміздің барша тұрғындарын алғыс айту күнімен құттықтайды. Еліміз аман,  бейбіт заман болсын деп тілек білдіреді. Мерекелеріңізбен!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру