Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер көлік ұрлаушыларды ұстады

Тараздық полицейлер көлік ұрлаушыларды “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 20 ақпанда Жедел басқару орталығының кезекші бөлімінің “102” пультіне жергілікті тұрғыннан үйінің жанында тұрған “ВАЗ-2115” маркалы жеке көлігін белгісіз тұлғаның айдап әкеткені туралы хабарлама келіп түсті. Келтірілген шығын көлемі 780 мың теңгені құрады.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы көлік ұрлаушылардың автомобильдің салонына бұзу жолымен кіргенін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері “ізін суытпай” Жамбыл облысының 22 және 25 жастағы тұрғындарын ұстады. Автокөлікті қосалқы бөлшектерге бөліп сату мақсатында ұрлағанын айтып, олар кінәларын толық мойындады.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабының 2-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру