Жыл басынан Ақтөбеде 71 ЖКО орын алды
Жыл басынан, екі айда Ақтөбеде 71 жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғасы – көлік құралының қатысуымен болатын, адам шығынына немесе материалдық залалға әкеп соғатын оқиға. Жол апаттарының себептері әртүрлі болуы мүмкін.
Сондай-ақ, ЖКО-ға түсу тәуекеліне қолайсыз ауа райы жағдайлары, тәуліктің түнгі уақыты, агрессивті және мас күйінде көлік жүргізу әсер етеді. Бұл ретте ЖКО-да жүргізушінің өзі де, үшінші тұлғалар да, мысалы, жолаушылар, жаяу жүргіншілер, велосипедшілер немесе басқа да автомобильдердің иелері зардап шегуі мүмкін.
– Тек екі айдың ішінде өңірдің автожолдарында 71 ЖКО орын алды, онда 11 адам қаза тауып, 103 азамат жарақат алды. Жол апаттарының негізгі себептері бұрынғысынша жылдамдық режимін сақтамау, қарсы жолаққа шығу, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің жүріс бөлігі арқылы өту ережелерін бұзуы болып табылады.
Құрметті азаматтар, автожолдарда сақ болыңыздар. Жол қателіктерді кешірмейді. Сіздің сақтығыңыз сіздің ғана емес, жақындарыңыздың да өмірін сақтауға көмектеседі.
Ақтөбе облысының полицейлері жүргізушілерді өзін-өзі сақтауға шақырады және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және олардың салдарын болдырмауға көмектесетін жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы еске салады.