Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сотталған азаматтар «Анаға хат» байқауына қатысты

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/18 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында «Анаға хат» тақырыбына шығарма жазу сайысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығармашылық байқау сотталғандар мен олардың жақын туыстары арасында әлеуметтік маңызы бар байланыс орнатуды көздеді. Сайысқа он сотталған қатысты.

Мұндай шаралар сотталғандардың түзелу және қайта тәрбиелену деңгейіне баға беруге, сондай-ақ олардың жеке басындағы оң өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

– Сайыс жеңімпаздары алғыс хаттармен марапатталды және көтермелеуге ұсынылды, осылайша олардың аналарымен қауышар сәттері, расында да жақындай түспек, – деді мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Сыдыков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру