Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда колония қызметкерлері спорттық-интеллектуалдық сайысқа қатысты

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Атырау облысы бойынша ҚАЖД қарасты УГ-157/11 мекемесінің қызметкерлері арасында «Ал, қанекей, қыздар!» атты спорттық- интеллектуалдық сайыс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Сайыстың мақсаты – мереке қарсаңында аруларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың өмірге деген құштарлықтарын арттыру болды. Ұйымшылдық танытқан мекеме арулары сайыстың барлық шарттарын шапшаң орындады, – дейді мекеме бастығы Жандос Жұмашев.

Сайыс қорытындысы бойынша қатардағы және кіші басшы құрамнан құралған «Әділет» тобы бірінші орынды иеленсе, аға және орта басшы құрамнан құралған «Достық» тобы екінші орынды, ал ерікті жалдамалы қызметкерлерден құралған «Жалын» тобы үшінші орынды иеленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру