Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық сақшылар қан қысымы көтеріліп, көшеде құлаған азаматшаға көмек көрсеткен

4 наурызда сағат 16:00 шамасында Қызылорда қаласы Әуезов көшесінің бойында кетіп бара жатқан белгісіз азаматшаның денсаулығы сыр беріп, көше бойында құлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1958 жылы туған қала тұрғыны қан қысымы көтеріліп, жол бойында құлаған. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция бөлімінің патрульдік полиция батальонының инспекторлары Данияр Сүлейменов пен Ғалым Темірбай оған дереу алғашқы көмек көрсетіп, су әкеліп, жедел жәрдем шақырған.

Қазіргі таңда аталған азаматша қалалық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынған. Азаматшаның туған-туыстары полицейлерге біреудің қайғысына немқұрайлық танытпағаны үшін алғыстарын білдіріп, атқарып жатқан қызметтеріне абырой мен сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру