Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мас азамат біреудің көлігін айдап әкетіп, патрульдік көлікке соққан

Қызылордада полицейлер біреудің көлігін ұрлап, жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 наурызда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері мас күйінде бөтен біреудің көлігін ұрлап, жол-көлік оқиғасын жасаған тұрғынды ұстады.

Сол күні көлік жүргізушісі достарымен дәмханада кездескен. Ал көлік есіктерінің құлыпталмағанын байқаған қаскүнем бірер минуттан кейін көлікті айдап кеткен. Келтірілген материалдық шығын 1 800 000 теңгені құрады.

Ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген құқық бұзушы қала көшелерінің бірінің қиылысындағы бағдаршамда тұрған патрульдік машинаға соққан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Күдікті азамат бірден ұсталды. Ол облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның бұрын сотты болғаны, сондай-ақ медицинаық куәландыру қорытындысына сәйкес орташа дәрежелі масаң күйде екені анықталды.

Қазіргі таңда бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 2-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру