Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлерінің қатарында 1 мыңнан астам әйел қызмет етеді

Олардың ішіндегі үздіктер бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі мен Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының құқықтарымен көтермеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Біз осы мерекеде біздің ардагер апаларымызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Олардың ұзақ жылғы қызметі, бай тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі полиция қызметкерлерінің жас буынына қызметтік борышын адал атқару мен адамдарға құрметпен қараудың үлгісі болып табылады. Сіздерге қанша жылы сөздер айтылса да, олардың көп болмасы сөзсіз, олар біздің жүрегіміздегі құрмет, сүйіспеншілік және ризашылық сезімдерін толықтай жеткізе алмайды. Біз сіздерді  мақтан тұтамыз. Сіздер біздің өмірімізді жарқын, әрі толыққанды етесіздер. Оны сүйіспеншілікке толтырасыздар, – деді Алматы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, Алматы қаласының ПД басшылығы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған әріптестерінің отбасыларына барып, қоғам қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін қиған полиция қызметкерлерінің жақындарын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру