Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте шенді арулар марапатталды

Шымкентте шенді арулар марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері нәзік жанды әріптестерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Ер азаматтармен қатар иықтіресе, елге адал қызмет етіп жүрген нәзік жанды аруларға мерекелік гүл шоқтары мен алғыс хат табысталды.

– Құрметті біздің әріптестер, аналар, қыздар! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Күн демей, түн демей еңбек етіп жүрген әрбіріңіздің қызметіңіз құрметке лайық. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!, – деді Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының бастығы Нұрлан Қарабаев.

Мерекелік шараға қатысқан аудандық  ардагерлер кеңесінің төрағасы Рашид Беласаров, әйел полицейлердің темірдей төзіміне тәнті екендігін жеткізіп, олардың мықты денсаулық, отбасыларына амандық және жұмыстарына сәттілік тіледі. Айта кетейік мерекелік іс-шарада жалпы 57 қызметкер марапат төрінен көрінді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру