Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түлкібас ауданында нәзік жандылар марапатталды

Түлкібас ауданында нәзік жандылар марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көптен күткен көктемнің шуақты, мерекелі, сыйлыққа толы күндерінің бірі 8 наурызда келіп жетті. Яғни, халықаралық Әйелдер күнін әрбір қыз-келіншек ерекше толқыныспен күтеді. Бұл күні асыл аналар, қымбатты қыз-келіншектерге құрмет көрсетіліп, мерейлері артып, құшақтары гүлге толады. Сонысымен де мереке барша қыздарға ұнайды.

Аталған мейрам қарсаңында Түлкібас аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында да АПБ басшылығы және жеке құрамының қатысумен ұжымдағы әйелдер қауымына арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шарада Түлкібас АПБ-нің бастығының орынбасары Қанат Түймебаев, Түлкібас АПБ ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Таңатбаев сөз алып, қызметтегі нәзік жандыларға құттықтауларын арнады. Аудандық полиция бөлімінде қызмет атқаратын қыз-келіншектерді және ІІО-ы қатарынан зейнеткерлікке шыққан С.Өтелбаеваны мерекелерімен құттықтап, қиындығы басым қызметте қаймықпастан қызмет етіп жүргендеріне алғыстарын білдірді. Оған қоса, ішкі істер саласындағы әйелдер, отбасының ұйытқысы болуды да бірінші орынға қойып, бәріне үлгереді. Осындай батыл, қайратты, сабырлы, өжет аруларға полицей ер азаматтар сәттілік тілеп, ыстық ықыластарын білдіріп, бағалы сыйлықтарын тарту етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру