Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Біреудің гаражына ұрлыққа түскен қарағандылық азамат қолға түсті

Қарағандылық полицейлер біреудің гаражына ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың 24 желтоқсанында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 34 жастағы азамат ұрлық фактісі бойынша шағымданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның жұмыста болған уақытын пайдаланып, гараждан барлық құнды заттарын ұрлап кеткен. Мәселен, күдікті жәбірленушіге тиесілі автокөліктің төрт дискісін, қысқы шиналарын және ғимаратты жылытатын құралын алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 700 мың теңгені құрады. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

5 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы ер адам ұсталды. Ұсталған азамат қылмысын мойындап, одан айғақ заттардың жартысы тәркіленіп алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру