Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында «Автоураган» автокөлігімен жол жүру ережесін бұзушылар анықталуда

Түркістан облысында «Автоураган» автокөлігімен жол жүру ережесін бұзушылар анықталуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасына және Полиция департаментіне жаңадан «IVECO» маркалы «Автоураган» автокөлігі берілген болатын. Қазіргі таңда осы автокөліктің көмегімен жол жүру ережесін бұзушылар анықталуда. Егерде жол-патрульдік полиция қызметкерлері айыппұлдарды төлемеген жүргізушіні анықтау мақсатында қатарынан бірнеше көлікті тоқтату керек болса, бұл іс «Автоураган» арқылы жылдам жүзеге асады.

Атап айтсақ, арнайы база айыппұл төлемеген жүргізушілердің көлігінің мемлекеттік нөмірлерін анықтап, полиция қызметкерлеріне хабарлайды.

Осы тұста Түркістан ҚПБ қызметкерлері жұмыс атқару барысында «Сергек» камерасына жылдамдықты асырып түскен және автокөлікткердің салығын төлеуден жалтарып жүргендерді анықтады.

Сонымен қатар полицейлер бір тәулікте екі ресей автокөлігін анықтады. Олар «Сергек» камерасына жылдамдықты асырып түскен.

Сондай-ақ автокөліктерге бір миллион теңгеден астам айыппұл түскен. Полиция қызметкерлері осы айыппұлды төлемей жалтарып жүрген екі ресей автокөлігін айыптұраққа жеткізді.

Өз сөзінде Түркістан ҚПБ ЖПҚ патрульдік полиция ротасының взвод командирі Данияр Түймебаев:

– Түркістан қаласының тұрғындарына жол ережелерін қатаң сақтауды және арнайы база арқылы айыппұл төлемеген жүргізушілерге берешектерін уақытылы төлеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру