Шымкентте офицердің анасына «Ардақты ана» медалі табысталды
Шымкентте офицердің анасына «Ардақты ана» медалі табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық Полиция басқармасының жеке құрамының атынан Қаратау аудандық полиция басқармасының тергеушісі Әйгерім Жаппарованың анасы «АРДАҚТЫ АНА» медалімен марапатталды. Ерекше алғырлығымен, сондай-ақ, өз еңбегімен енді танылып келе жатқан жас маманның өзін ғана емес, сондай-ақ, осындай қызды өсіріп, тәрбиелеген анасына деген құрметпен табыстаған «Ардақты ана» медалін алу үлкен мақтаныш.
Шымкент қаласы Полиция басқармасында тергеуші қызметін атқарып жүрген Әйгерім Жаппарова алдын ювеналды полиция тобының инспекторы болған. Алғашқы еңбек жолын 2016 жылы Қаратау аудандық полиция басқармасында сержант болып бастаған ол бүгінде полиция аға лейтенанты. Өз ісінінің маманы, ұжымға сыйлы. Қашан көрсең, үлкенге қамқор болып, кішіге ізет көрсетіп жүреді.
«Алып анадан туады» демекші, кәсіби маман да, сауатты офицер де аналардан туылатынын ұмытпайық! Өз кезегінде, офицердің анасы осындай марапат алғанына шексіз риза екендігін білдірді.