Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері қауіпсіз мектеп іс-шарасын өткізуде

Түркістан облысының полицейлері қауіпсіз мектеп іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қаласы аумағында ағымдағы жылы кәмелетке толмағандарға қатысты жол-көлік оқиғасының төрт дерегі тіркелген болатын.

Осыған орай Кентау ҚПБ бастығының нұсқауына сәйкес білім беру ұйымдарында, мектеп оқушыларына жол жүру ережелерін түсіндіру мақсатында семинарлар өткізілуде. Іс-шара барысында ҚПБ тарапынан кәмелетке толмағандардың жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары мен мектеп оқушыларының жол ережесін қаншалықты жетік меңгеруі керек екендігі жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар полицейлер білім бөлімдерінің және мектепке дейінгі мекемелердің маңындағы жол белгілері мен жаяу жүргіншілер жолақтары орнатылғаны жөнінде тексерулер жүргізді. Сондай-ақ анықталған кемшіліктер бойынша тиісті органдарға ұсыныс хаттар жолданды.

Қазіргі таңда төменгі сыныптардың дәстүрлі оқу жүйесіне өтуіне байланысты, мектеп алдындағы оқушылар өтетін жолдарға полиция қызметкерлері бекітілді.

Құрметті ата-аналар! Сіздерден Түркістан облысының полицейлері төменгі сыныпта оқитын балаларыңыздың мектепке келіп-кетуін қадағалап, олардың өмірі мен денсаулығына және дене жарақаттарының алдын алып болдырмауға, ықпал жасауларыңызды сұранады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру