Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлерге үш жасөспірім зорлауға әрекет жасаған күдіктіні ұстауға көмектесті

Ақмолалық полицейлерге үш жасөспірім зорлауға әрекет жасаған күдіктіні ұстауға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 9 наурызда Ақкөл қаласында тұратын 14, 17 және 18 жастағы жасөспірімдердің қырағылығы мен батылдығының арқасында аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобының қызметкерлері зорлау әрекетіне қатысты күдіктіні ізін суытпай ұстады.

Қазіргі уақытта Ақмола облысының Полиция департаментінде батыл балаларды батылдық пен табандылық үшін көтермелеу туралы мәселе қарастырылуда.

Оқиға 9 наурызда кешкі сағат 20.30-да болған, күдікті темір жол төсемінің жанында, жұмыстан оралған әйелге шабуыл жасаған, жәбірленушіге дене жарақатын салған ер адам оны жерге құлатты.

Бақытты кездейсоқтықтың арқасында бұл уақытта жақын арада үш жасөспірім өтіп бара жатқан, олар көмек сұрап жатқан дауысқа ойланбастан жүгірді, қаскүнем балаларды көріп құрбанын қоя берген. Қорқуды білмейтін жасөспірімдер бірден 102-ге қоңырау шалды.

Дабыл қоңырауын алған полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына шығып, куәгерлер мен жәбірленуші таныған күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол бұрын сотталған 56 жастағы Ақкөл қаласының тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша 24-120-б.1-б. (Зорлау әрекеті) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру