Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев: Біз еліміздің барлық өңірлерінде «тұрақты полицияның тиімділігін» қамтамасыз етеміз

«Жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысында полицияның 49 тірек пункті салынады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысында полицияның 49 тірек пункті салынады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өңірге жұмыс сапары барысында мәлімдеді.

Облыс әкімі Серікбай Тұрымовпен кездесу барысында ІІМ басшысы құқық бұзушылықтың алдын алуда учаскелік инспекторлар жұмысының маңызы зор екенін атап өтті. Сондықтан облыста учаскелік пункттер желісін құру қолға алынған. Осы жылдың аяғына дейін өңірде осындай 14 пункт салынады.

Еліміздің бас полицейі өңірдегі полиция департаментінің бірқатар нысандарын аралады. Олардың қатарында Ақтау қаласының жағалауында орналасқан «Каспий» модульдік стационарлық бекеті бар. Бейнекамералардың көмегімен бұл бекет жағалау аймағын толық бақылауды жүзеге асырады және тәулік бойы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

– Ішкі істер органдары жүйесін жаңғырту аясында полицияның жаңа үлгідегі технологиялық жабдықталған стационарлық бекеттерін орнатуды жеделдету және құқық қорғау органдарының тұрақты қатысуының тиімділігін қамтамасыз ету қажет. Бұл бағытта тұрғын үйлердің аулаларында, саябақтар мен гүлбақтарында жаяу патрульдерді ұйымдастыру, сондай-ақ бейнебақылау жүйесін дамыту ықпал ететін болады, – деп атап өтті Ішкі істер министрі.


Қазіргі уақытта Ақтау қаласында 127 камера жұмыс істейді және жақын арада тағы 600 камера орнату жоспарлануда.

– Инновациялық технологиялар күнделікті өмірімізге қарқынды енуі нәтижесінде біз жедел дамып жатқан әлемде өмір сүріп жатырмыз. 13 ақпаннан бастап жүргізушілерге бұдан былай жүргізуші куәлігі мен техпаспортты өзімен бірге алып жүруі міндетті емес, полиция қызметкері планшетті және ақпараттық жүйелерді пайдаланып, бірнеше секунд ішінде тексеру жүргізеді. Сондай-ақ, ақпан айынан «102» мобильді қосымшасы жұмыс істейді, оны қазірдің өзінде қала тұрғындары да, ауыл тұрғындары да пайдалануда. Қазақстандық полицияны цифрландыру азаматтардың қауіпсіздігін қолдау және халықпен тұрақты әрі нәтижелі өзара байланысты жолға қою үшін жүргізілуде, – деді ІІМ басшысы.


Сонымен қатар, министр құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі еріктілердің рөлін ерекше атап өтті. Өңірде мыңнан астам адам полицияға өз еріктерімен көмектесуде. Олар жоғалған адамдарды іздеуге, рейдтік және алдын алу іс-шараларын жүргізуге қатысады. Учаскелік және патрульдік қызметкерлерімен бірге олар құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ерлан Тұрғымбаев еріктілердің белсенді азаматтық ұстанымын жоғары бағалап, ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.

ІІМ басшысы сондай-ақ Маңғыстау облысындағы полиция мұражайында болып, ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу өткізді, олардың бастамалары мен ұсыныстарын тыңдады. Ардагерлер учаскелік инспекторларға өз еріктерімен көмектесуге ниет білдіріп, әрбір тірек пунктіне өздерін бір-бірден бекітуді ұсынды.

Полиция нысандарын аралау кезінде Ерлан Тұрғымбаев ел басшылығының құқық қорғау органдарын реформалау жөніндегі тапсырмаларының орындалуын барысын тексерді, сондай-ақ өңірдегі полиция қызметінің 2021 жылға арналған басым бағыттарын айқындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру