Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бағытынан адасқан жолаушыларға Алматы облысының полицейлері көмектесті

Алматы облысының полицейлері бағытынан адасып, жолда қалған алматылықтарға көмек қолын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балқаш ауданының полицейлері табиғат қорғау заңнамасы талаптарының бұзылуын болдырмау мақсатында арнайы рейд жүргізу кезінде Ақжар ауылынан 45 шақырым қашықтық елсіз жерде көлігі жолда қалған Алматы қаласының тұрғындарына қол ұшын созды.

– Әкімшілік аумақты дүрбімен бақылау кезінде алыста бейтаныс көліктің жүргенін байқадық. Бас кезінде оларды браконьерлер деп ойладық. Бір уақытта олар құмда жүре алмай, көліктері тоқтады. Тез арада қастарына барып, қол ұшын бердік. Ауданымыздағы шаруа қожалықтарының біріне қонаққа келе жатқан алматылықтар екен, – деді Балқаш АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Азамат Абдрахманов.

Тәртіп сақшылары қызметтік көліктерімен қонақтарды жол талғамайтын көлігін сүйреп шығарып, бағыт алған жерлеріне жол сілтеп, шығарып салды. Елсіз мекенде көп күттірмей көмекке келген полицейлерге көліктегілер көп алғыс айтты. Ең жағын ауылдың бір көш жерде екенін ескерсек, полицейлердің қырағылығы болмағанда, жолаушылар жол азабын біраз тартатыны анық еді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру