Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері жасөспірімдерге табиғи апаттардың салдарлары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сарқан ауданының полицейлері Сарқан өзенінің бойында тұратын жасөспірімдер арасында табиғи апаттардың қаупі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары жасөспірімдерге көктемгі қар еру кезінде қар көшкінінің орын алу мүмкіндігі жоғары екені және қауіпсіздік шараларын сақтамаған жағдайда соның салдарынан қайғылы жағдайлар орын алатыны туралы айтып берді. Сонымен қатар, бұл мезгілде қызық қуып, тауға, өзен бойына барудың өте қауіпті екені де ескертілді.

– Аудан полицейлеріне кез-келген табиғи және тұрмыстық қауіп-қатердің алдын алу шараларын қабылдау туралы айтылған. Бүгін полиция бөліміне хабарласқан жергілікті тұрғындар ювеналды полиция тобы өкілдерінің кездесу өткізіп, қауіптің алдын алу және қиын жағдайда қалай әрекет ету алгоритмін түсіндіргендеріне алғысын білдірді. Хабарласқан азамат жасөспірімдер арасында тәртіп сақшыларының беделі ерекше екенін атап өтті, – деді Сарқан ауданының ПБ бастығының орынбасары Ержан Сейденов.

Жергілікті тұрғындармен кездесіп, жасөспірімдерге  бағыт-бағдар берген полиция қызметкерлері Берік Баймолдинов пен Анастасия Смыкова қауіптің алдын алу үшін әр адам төтенше жағдайға дайын болуы қажет екенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру