Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сеніп тапсырылған жылқыны арыстық шопан сатып жіберді

Түркістан облысының полицейлері бөтеннің мүлкін талан-таражға салған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, өзінің қарамағында жұмыс істейтін шопаны құны 800 мың теңге тұратын сегіз жасар айғырын рұқсатсыз сатып жібергенін көрсеткен. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Осы оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары хабар алысымен жолға шықты. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің үйіне барып, күдікті азаматты сол жерден қолға түсірді. Оны ПБ-не жеткізіп, орын алған жайттың ақ-қарасын ажырату мақсатында жауап алды.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азамат жәбірленушіге «жылқыңды маған бер, мен оны көкпарға дайындаймын» деп уәдесін берген. Алайда күдікті ер азамат уәдесін орындамай айғырды өз бағасы 800 мың теңгеге бағалап сатып жібергені анықталды.
Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға бейтаныс азаматтарға сенбеуді ескертеді. Мал жоғалған немесе ұрланған жағдайда, дереу полицияға, «102» телефоны арқылы хабарласуға болады. Бұл полицейлерге қылмысты дер кезінде ашуға және мал ұрыларын ұстауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру