Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ажырасқан азамат бұрынғы әйелінің телефонын тартып алған

Өскемен тұрғыны ажырасуына байланысты бұрынғы жұбайының ұялы телефонын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының басында Өскемен қаласының ПБ Үлбі полиция бөліміне 28 жастағы қала тұрғыны хабарласып, оның бұрынғы жұбайының ажырасуына байланысты үйінің кіреберісіндегі баспалдақ алаңында құны 50 000 теңге тұратын ұялы телефонын тартып алып кеткендігі туралы шағымданды. 

Криминалдық полиция қызметкерлері қабылдаған шаралар нәтижесінде жәбірленушінің 27 жастағы бұрынғы жұбайы полиция бөліміне жеткізілді. Жауап алу кезінде күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 389-бабының 1-бөлігімен (Өзiнше билiк ету, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа адаммен немесе ұйыммен дауласып жатқан, өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру