Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да мас адам көліктің жолын бөгеп, жүргізушіге дене жарақаттарын салған

Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары өткізілуде,  – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының басында Шемонаиха ауданының полиция бөліміне қала аудандарының бірінде мас біреудің «ВАЗ» автокөлігінің жолын бөгеп, көлікті басқарып келе жатқан 28 жастағы жүргізушіге себепсіз дене жарақаттарын салғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Мән-жайды анықтау барысында бұзақының Рассыпное ауылының 38 жастағы тұрғыны екені анықталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру