Сарыағашта тойханада жасалып жатқан жасырын той тоқтатылды
Сарыағашта тойханада жасалып жатқан жасырын той тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаштық тәртіп сақшылары Келес ауылында орналасқан тойханалардың бірінде жасырын өтіп жатқан бесік тойдың үстінен түсті. Полицейлер бірден келген қонақтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тарқатты.
Карантинге қарамастан 50-ге жуық қонақтың жиналуына жол бергендерге шара көру мақсатында жинақталған іс-құжаттары Сарыағаш аудандық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Осылайша той иесі мен тойхана әкімшісіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Тағы да айта кетер жайт, COVID-19 індетінің көлемді таралуына байланысты елімізде карантин режимі енгізілген болатын. Осы тұста Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлерімен 2021 жылдан бастап ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жалпы 90-нан аса жайт тіркеліп, СЭББ-ге жолданған.
Түркістан облысының полиция қызметкерлері күнделіктіқарқынды жұмыс жүргізуде. Тәртіп сақшылары ойын-сауық, сауда-саттық орындарын бақылауда. Адамдар көп шоғырланатын жерлерде карантин талабының сақталуын назарға алуда.
Тұрғындарға сыртқа шығар алдын медициналық бетперде мен антисептик қолдануды естен шығармауды талап етуде.