ШҚО Полиция департаментінде "Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні" өтеді
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде "Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні" өткізіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
25 наурызда ПД және аумақтық бөліністердің басшылығы "Азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін" өткізуді жоспарлап отыр. Шараны өткізу мақсаты - халықпен кері байланысты қамтамасыз ету және проблемалық мәселелерді шешу, сондай-ақ "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру болып табылады.
ПД мен аумақтық бөліністердің басшылығы азаматтарды сағат 10.00-ден 13.00-ге дейінгі уақыт аралығында қабылдайды.
ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиевтің қабылдауына 8 (7232) 23-42-11 телефоны және n.mamyrbaeva@mvd.gov.kz. электрондық поштасы арқылы жазылуға болады.