Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО Полиция департаментінде “Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні” өтеді

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде “Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні” өткізіледі,деп хабарлайды Polisia.kz.

25 наурызда ПД және аумақтық бөліністердің  басшылығы “Азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін” өткізуді жоспарлап отыр. Шараны өткізу мақсаты – халықпен кері байланысты қамтамасыз ету және проблемалық мәселелерді шешу, сондай-ақ “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру болып табылады.

ПД мен аумақтық бөліністердің басшылығы азаматтарды сағат 10.00-ден 13.00-ге дейінгі уақыт аралығында қабылдайды.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиевтің қабылдауына 8 (7232) 23-42-11 телефоны және n.mamyrbaeva@mvd.gov.kz. электрондық поштасы арқылы жазылуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру