Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Ол жігіттің айтуынша, түнгі сағат 21:00 шамасында өзінің досының дүкенінде отырып, сыртқа шыққан. Сол сәтте белгісіз азамат оның үстел үстінде тұрған жалпы құны 85 мың теңге болатын «Галакси А-40» маркалы ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткенін көрсеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі бастап кетеді.

Бұл ұрлық қылмысы бойынша тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді, барлық қажетті шараларды атқарды. Соның нәтижесінде ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басын анықтап, оны небары бір тәулік ішінде ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жәбірленушінің үстел үстінде тұрған ұялы телефонын адамдардың жоқтығын пайдаланып, білдіртпей алған. Содан соң тез арада оңай олжасын қалтасына салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Осылайша қолды болған ұялы телефонды өзі пайдаланбақ болғанын мойындады. Күдіктінің үйінен айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Бас шарасы «қолхатта». Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға, әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Қалта ұрыларының көзіне түспес үшін бағалы заттарыңызды көрсетпей, аузы жабық сөмке ішіне салып қойыңыздар деп кеңес береді. Сондықтан полицейлер жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді. Мүліктің кез келген түріне қырағылықпен және жауапкершілікпен қарағанда ғана, мұндай жағдайларды азайтуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру