Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады

Жамбылдық полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Стоп-Трафик” жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні Тараздағы Исатай батыр көшесіндегі сауықтыру кешенінде полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырумен және ұстаумен айналысқан 48 жастағы әйелді ұстады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азаматша кінәсін мойындады.

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Профилактикалық есепке “сутенер” санаты бойынша екі адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін бес әйел қойылды.

Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру