Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түлкібастық жігіт бұрынғы жұмыс орнына ұрлыққа түсті

Түркістан облысының полицейлері бұрынғы жұмыс орнына ұрлыққа түскен жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрланған заттарды алып-сатуы мүмкін деген жерлерде тұрақты түрде рейдтік шаралар өткізіп отырады. Осындай кезекті тексеру кезінде түлкібастық полицейлер темір сататын орында ұрланған электро-қозғалтқыштың барын анықтады. Содан полицейлер жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында, ұрланған заттың Т.Рысқұлов ауылында орналасқан зауыттардың біріне тиесілі екендігі белгілі болды. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді.

Белгілі болғандай, жәбірленуші тарап зауыттан электро-қозғалтқыштың ұрланғанынан хабарсыз болып шықты. Бірақ полицейлердің профилактикалық-рейдтік шараларды атқаруы кезінде, бұл ұрлық қылмысы ашылды. Дүкен иесінен жауап алу барысында, күдікті аталмыш затты небары 3500 теңгеге сатып кеткені айқындалды.

Қылмысқа қатысы бар ер азаматтың жеке басы анықталып, ұсталды. Жергілікті тұрғын АПБ-не жеткізілді. Ол өз кінәсін мойындады.

Тергеу барысында күдікті бір жыл бұрын осы мекемеде жұмыс істеген болып шықты.

Күдіктінің бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған зат тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өз мүлкін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ қоймалардың және өзге де үй-жайлардың есіктері мен терезелерін сенімді құлыптар, темір торлармен нығайтуды ескертеді. Егер де, сіз, ұрлықтың құрбаны не куәгері болсаңыз, тез арада полицияға «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру