Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері асыл тұқымды итті иесіне қайтарды

Петропавл тұрғыны бөтен біреудің асыл тұқымды итіне қызығып, ұрлыққа жол берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласының ПБ Екінші ПБ кезекші бөліміне хаски тұқымды итінің ұрланғанын айтып, қала тұрғыны жүгінген. Шығын сомасы 120 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бейнебақылау камераларының жазбаларын қарады. Бейнежазбада жәбірленушінің үйінен алыстап бара жатқан көлік бейнеленген. Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады, ол сол ауданда тұратын 23 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ит оның ауласынан алынды.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық)  Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

– Ұрлыққа дейін хаскидің иесінің ауласынан қашып кеткені белгілі болды, – дейді Екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов.

Сол жолы күдікті тауып алып, итті үйіне жетектеп кеткен, алайда ит амалын тауып, иесіне қайтып келген. Бірнеше күннен соң жәбірленушінің үйінің маңынан өтіп бара жатқан күдіктінің көзі тор қоршаудағы таныс итке түседі.

– Оның айтуынша, хаскидің оған қатты ұнап қалғаны сонша ол өзін ұстай алмай, үйдің ауласына заңсыз ену жолымен ұрлық жасаған, – деді Руслан Сыздықов. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру