Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемендік азамат саяжайында шолақ мылтық жасырған

Өскемен тұрғынының саяжайынан шолақ мылтық табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айында Өскемен қаласының ПБ қызметкерлері қала тұрғынынан шолақ мылтық тәркіледі. 51 жастағы азамат қаруды саяжайдағы үйінің шатырында жасырған.

– Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат – атыс қаруы болып табылады, атап айтқанда тегіс екі ұңғылы, шүріппелі, 16 мм аңшы мылтығы. Мылтықтың зауыттық нөмірлері механикалық зақымдау жолымен жойылған. Мылтық атуға жарамды. Бұл қарудың заң жүзінде саяжай иесіне тиесілі еместігі анықталды. Сонымен қатар, аталған азамат тіркелген қару иесі ретінде есепте тұрмайды, – деді Сағат Мадиев.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру