Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында жеңіл олжаны көздеген ер адамның қылмысы әшкере болды

Алматы облысында біреудің әмиянынан ақша ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алакөл ауданының полиция бөліміне арызданған 34 жастағы әйел белгісіз біреудің Үшарал қаласында орналасқан дәмханалардың бірінде әмиянының ішінен 146 000 теңге көлеміндегі ақша қаражатын ұрлап кеткенін жеткізген.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1990 жылы туған ер адам ұсталды. Күдікті қылмысын бірден мойындады. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпарат таратылмайды, – деді Алакөл ауданының ПБ бастығы Қуат Оспанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру