Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында кәмелетке толмаған інісіне көлік тізгіндеуге рұқсат берген тұрғынға айыппұл салынды

22 ақпанда Арал қаласы Құланды елді мекенінде жергілікті тұрғын “УАЗ” маркалы автокөлігін 12 жастағы інісіне басқаруға беріп, оны әкімшілік құқық бұзушылық жасауға итермелеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотта аталған азамат өз кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне кешірім сұрады.

Арал аудандық сотының 2021 жылғы 29 наурыздағы қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 128 – бабымен (Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту) кінәлі деп танылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Құқық бұзушы ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылды.

Сонымен қатар, жасөспірімнің анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) әкімшілік хаттама ресімделіп, тиісті шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру