Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полициясының жеке құрамы вирусқа қарсы екпе алды

Маңғыстау полициясының жеке құрамы вирусқа қарсы екпе алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта «Гам-КОВИД-Вак» немесе Ресейлік өндірістің «Спутник V» сауда маркасымен жақсырақ танылған вакцинацияны пайдалана отырып, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жеке құрамы арасында коронавирусқа қарсы вакцинациялау жүргізілуде.

Екпе алуға алғашқы ынта танытқандардың қатарында департаменттің басшы құрамы болды.

Екпе алардан бұрын жеке құрамның әрқайсысына вирусқа қарсы вакцинация туралы және  оны алғаннан кейінгі немесе бас тартқан жағдайдағы салдары, белгілі уақыт аралықтарындағы пайда болатын мүмкін реакциялары мен қолайсыз жағдайлары туралы ақпараттар айтылып, түсіндірілді.

Вакцинациялау ерікті түрде жүргізілуде. Белгілі бір жағдайлар болмаса, қызметкерлердің арасында вакцинадан еркімен бас тартқандар болмады. Өйткені, полиция қызметкерлері әрқашан алдыңғы қатарда жүріп, әрдайым халықпен жиі қарым-қатынаста болатын болғандықтан, профилактика мақсатында екпе алуды өте маңызды болып табылады.

– Мен өзімді және өз отбасымды қауіпсіздендіру маңызды деп санаймын. Сонымен қатар, вакцинация бәрімізге қалыпты өмірдің ырғағына ешқандай шектеусіз оралуға мүмкіндік береді. Бұл пандемияны жеңу жолындағы басты қадам. Мен барлығын вирусқа қарсы екпе алу мәселесіне байыпты қарауға шақырамын, – деді Маңғыстау облысы ПД бастығының орынбасары Жанар Иргалиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру